«Kazakh Tourism» басшысы қызметінен кетті

«Kazakh Tourism»
Фото: primeminister.kz

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Рашид Күзембаев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен босатылды, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Кузембаев Рашид Талапұлының жұмыстан өз еркімен босатылуы туралы өтініші қаралды. Өтініші қабылданғаннан кейін, ұлттық компания директорлар кеңесінің мүшелері Рашид Кузембаевқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алда жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.

Айта кетейік, Рашид Күзембаев 2017 жылдың қазанында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.