«Қазпочта» мен AliExpress бірлескен карта шығарады

349
карта
Фото: Forbes.kz

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — «Қазпочта» Қазақстандағы электронды сауданың дамуына қолдау көрсету мақсатында AliExpress интернет дүкенімен бірге карта шығарады. 7 қараша күні жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.

«Қазпочта»/AliExpress төлем картасының ерекшелігі мен қызметтері:

— әр сатып алынған зат құнының 1,5 % (кэшбек) қайтарылады.

— «Қазпочта» терминалдары арқылы қаражатты толықтыруға және тегін шығарып, жеткізуге мүмкіндік бар.

—  SMS-хабарлау функциясы да қосылған.

Жыл сайын 2 млн қазақстандық AliExpress дүкенін пайдаланады. Тапсырыстардың көбі Алматы және Астана қалаларынан келеді. Әлемдік электронды сауда көлемі 1,9 трлн долларды құраса, Қазақстанға оның 500 млн доллары тиесілі.

Дереккөз: forbes.kz

Мейірім Бақытжанова