Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - «Қазпочта» Қазақстандағы электронды сауданың дамуына қолдау көрсету мақсатында AliExpress интернет дүкенімен бірге карта шығарады. 7 қараша күні жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.
«Қазпочта»/AliExpress төлем картасының ерекшелігі мен қызметтері:
- әр сатып алынған зат құнының 1,5 % (кэшбек) қайтарылады.
- «Қазпочта» терминалдары арқылы қаражатты толықтыруға және тегін шығарып, жеткізуге мүмкіндік бар.
- SMS-хабарлау функциясы да қосылған.
Жыл сайын 2 млн қазақстандық AliExpress дүкенін пайдаланады. Тапсырыстардың көбі Алматы және Астана қалаларынан келеді. Әлемдік электронды сауда көлемі 1,9 трлн долларды құраса, Қазақстанға оның 500 млн доллары тиесілі.
Дереккөз: forbes.kz
Мейірім Бақытжанова