Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким жас кәсіпкерлерге 260 мың доллар табыстады

Кеңес
Фото; Капитал

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — 1 наурызда «Өз бизнесіңді қалыптастыр» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары — «Сәби» қоры және бизнесмендер Вячеслав Ким мен Кеңес Рақышев.

Биыл жобаға 393 өтінім түсіп, шорт-листке 26-ы кірген. Оның ішінде 10 жоба жеңімпаз болды.

  1. Sheberkhana — $50 000
  2. GSTEP. Электроникка өндірісі — $30 000
  3. Композитік материалдардан ұшқышсыз ұшу аппараттары мен басқа да өнімдер жасау  — $30 000
  4. Vital smoothies — $30 000
  5. Инклюзивтік типография — $20 000
  6. Q.Republic — $20 000
  7. Kunde café — $10 000
  8. Intelligent — $10 000
  9. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Хостел — $50 000
  10. Мүгедек арбаларына арналған электромобиль — $10 000.

Кеңес Рақышевтің айтуынша жобаның бірнеше жыл бұрынғы жеңімпаздары табысты еңбек етіп келеді. Сондықтан оның табыстылығына сенім бар.

Әсел Тасмағамбетованың айтуынша 5 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жоба ары қарай да жалғасады. «Сәби» қоры мен ұйымдастырушылар жүлдеге ие болған конкурсанттарды ары қарай да қолдайды.

Вячеслав Ким шараның «Алғыс күнімен» тұспа-тұс келгенін атып өтті. Аталмыш күнге қатысты әзірге ешқандай қағида жоқ. Дегенмен, оған қарамастан, ол «Сәби» қорының бас директоры Әсел Тасмағамбетоваға алғыс білдіретінін айтты. Сөйтіп, осындай ауқымды жобаны бірге жүзеге асырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бұл стартап жобаларға қайтарымсыз грант беретін жалғыз қазақстандық жоба. Соңғы 5 жылда гранттар көлемі 1 миллион доллардан асқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!