«Кек алушылар-2: Альтрон дәуірі» фильмі Қазақстанда рекорд орнатты

694

Прокатқа шыққанына бір апта болған «Кек алушылар-2: Альтрон дәуірі» блокбастерінің кассалық жинағы 156 миллион теңгені құрады (шамамен 839 мың доллар).

Фильм Қазақстандық кинопрокат тарихындағы Disney және MARVEL жобалары арасындағы ең үздік көрсеткішке ие болып отыр. Одан бөлек, аталған фильм кассалық жинақ бойынша ресейлік прокатта да рекорд орнатты — 850 млн рубль (16,4 миллион доллар).

Кинофильм 23 сәуір күні екі тілде: қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Қазақ тілінің дубляж  режиссері — Тимур Балымбетов. Ол үшін бұл жоба «Галактика сақшыларынан» кейінгі екінші жоба болып отыр.

Дубляжға қазақстандық мына актерлер ат салысты: Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк — Темір адам), Ерғали Төлебаев (Капитан Америка), Бақытжан Жармұхамбетов (Қыран көз), Самат қордабаев (Халк) және белгілі әнші Мақпал Исабекова (Қара жесір).