Kering SA қытайлық Alibaba компаниясымен соттасып жатыр

457

Премиум-кластағы брендтерімен белгілі Kering SA француз холдингтік компаниясы Манхеттендегі АҚШ-тың федералды сотына Alibaba  компаниясына қарсы шағым жасады. Яғни, қытайлық компанияны өз сауда платформаларында контрафктілі тауарлар сатты деп айыптап отыр. Бұл жөнінде The Wall Street Journal басылымы жазады.
Шағым Kering-тің Gucci, Balenciaga, Yves Saint Laurent (YSL) және т.б брендтеріне қатысты.
Шағымда Alibaba және сонымен байланысты компаниялар өз интернет-платформаларында контрафактілі өнімдерді әдейі көбейтіп, оны сату арқылы өздеріне пайда алып отыр делінген.
Өткен жылдың шілде айында Kering  сондай шағым жасап, Alibaba-мен келіссөздерден соң екі аптадан кейін тауарларды тәркілеп алған болатын. Бірақ, осы жолы француздық холдинг Alibaba сайттарында тұтынушыларға жасанды өнімдерді іздеп, контрафактіні сатушыларға логистикалық және өзге де қызметтер көрсетуге мүмкіндік берді деп айыптап отыр.
Kering мәліметтеріне орай, Alibaba фальсификаторларға жоғары сапалы брендтердің кілт сөздерін сатады. Одан бөлек, Alibaba іздеу қызметі өнім атауының дұрыс жазылған түрін «синоним сөздерге» алмастыруға кеңес береді. Мысалы, Gucci сөзін cucchi или guchi деп алмастыруға. Осылайша, сатып алушыны контрафактілі тауар сатушының парақшасына жібереді.
Kering Gucci  сөмкелерінің қолдан жасалған жасанды түрлері Alibaba  платформасында 2 доллардан бастап сатылып жатқанына наразы. Негізі өнімнің бағасы — кем дегенде 795 доллар тұрады.
Alibaba дүйсенбі күні аталған шағымды жоққа шығарды. Яғни, Kering компаниясының жасаған шағымы негізсіз деп отыр.
Қаңтар айында Қытай үкіметі Alibaba Group Holding Ltd интернет-алыбының бұрмаланған өнімдерді сатуға, пара алуға және өзге де заңға қайшы істерге айыптаған еді.
Alibaba компаниясы болса, Taobao немесе Alibaba.com платформаларында жыл сайын контрафактімен күрес үшін 16,1 млн доллар шығындайтындығын айтады.
Alibaba капитализациясы Нью-Йорктегі саудада 75 млрд долларға қысқарды. Оған себеп — сауда өсімінің азаюы мен жасанды бұйымдарды сату туралы айыптар.