Әкім әлеуметтік желіде көрінеу сөздер айтқан ауылдастарын сотқа берді

Павлодар. 4 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысында ауылдық әкімі әлеуметтік желіде көрінеу сөздер айтқан екі ауылдасынан 500 мың теңге талап етіп отыр, деп хабарлайды 7kun.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қалалық сотына жауапкерлердің бірінің ісі келіп түскен. Григорьев ауылдық округінің басшысы Виталий Бруцкийдің айтуынша, Instagram-да ауыл тұрғындары әкім досының атына 18 гектар жер рәсімдеді деген ақпарат айтылған видео таратқан. Видео астындағы жазбада автор облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, прокуратураға және облыс әкіміне сауалхат жолдап, мәселе шешімін таппаса, президентке жүгінуге ниетті екенін атап өтті.

Ауылдық округ басшысы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Енді әкім WatsApp-та өзі туралы керағар пікір айтылған дауыстық хабарламаны таратқан азаматтан моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді талап етуде.

Виталий Бруцкий өзіне келтірілген моральдық зиянды кіінәлілердің әрқайсысынан 500 мың теңгеге бағалады. Сондай-ақ талап арызында ол Instagram және WatsApp желілерінде таратылған, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа жанаспайтын деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерді де айтқан сөздерін жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады.