Ким Чен Ын Шотландияда ресторан ашпақшы

502
Ким Чен Ын Шотландияда ресторан ашпақшы.

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын Шотландияда ресторан ашуды жоспарлап отыр.

КХДР Жоғарғы жетекшісі ресторандар желісін жүргізіп, еуропалық қалалармен дипломатиялық байланыс орнатуды көздеуде. Сарапшылардың пікірінше, ол Шотландияны жергілікті басқару билігінің вискиге әуес болғандығына байланысты таңдап отыр. Сондай-ақ ресторан мәзірі ел тұрғындарына лайықтап жасалады деген болжам айтылуда.

Бұл Ким Чен Ынның Еуропадағы алғашқы рестораны емес. Осыған дейін дәстүрлі корей асханасын ұсынатын орын Нидерландыда ашылған болатын.