Үкімет жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет — Назарбаев

54
Үкімет
Фото: bnews.kz

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет отырыстарында өткізетін сағат санына наразы. 

Елбасының айтуынша, соңғы кездері Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы ұзақ отырыстар мен кеңестердің саны еселеп артып, сондай-ақ құжат айналымы елеулі түрде көбейді.

«Үкімет әкімдердің және олардың орынбасарларының қатысуымен күніне 7 кеңес өткізетін кездері де болады. Олар қай кезде жұмыс істейді? Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру керек. Өздеріне нақты міндеттемелер алуға  және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет. Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының әзірленген көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға тиіс», — деді Н.Назарбаев.