Сағынтаев азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

азық-түлік
Фото: kapital.kz

Алматы. 11 шілде.  7kun.kz — ҚР ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктеріне бағалар серпініне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы primerminister.kz хабарлады.

Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты жағдай туралы баяндады.

«Меморандум аясындағы жұмыстар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын 0,6-0,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қаңтар-наурызда бұл көрсеткіш 1,2 пайызды көрсеткен.  Ал маусымда тұтынушылық бағалар индексінің 1,9 пайызға дейін артқаны байқалды», — деді Тимур Сүлейменов.

Отырыста әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.