Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - ҚР ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктеріне бағалар серпініне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы primerminister.kz хабарлады.
Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты жағдай туралы баяндады.
«Меморандум аясындағы жұмыстар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын 0,6-0,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қаңтар-наурызда бұл көрсеткіш 1,2 пайызды көрсеткен. Ал маусымда тұтынушылық бағалар индексінің 1,9 пайызға дейін артқаны байқалды», - деді Тимур Сүлейменов.
Отырыста әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша меморандумдар жасалды.
Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.