Сайлау теңге курсын қалыпты ұстауға мүмкіндік береді

516
Сайлау теңге курсын қалыпты ұстауға мүмкіндік береді

Осы жылдың көктемінде Қазақстанда сайлау өткізу туралы шешім қабылдау теңге бағамын еркін айырбастау курсына өтер кезеңге дейін қалыпты сақтап тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Halyk Finance инвестициялық банкінің сарапшылары мәлімдеді.

Банк мамандарының атап өтуінше, соңғы бірнеше ай бойы үкімет әкімшілігі теңгеге деген сұранысты қолдан арттыруға мәжбүр болғандықтан, қаржы жүйесіндегі жағдай да тұрақсыз күй кешкен. Бұл процесс бағамды ретке келтіру режимінен бас тартумен немесе капитал көшіруді бақылау режиміне ауыстырумен аяқталуы қажет. Дегенмен, сарапшылар капитал бақылауы үшін қауіп байқамайтындықтарын айтады. Әзірге жаңа режимге көшуді қамтамасыз ететін детальдар мен механизмдер, сондай-ақ курстың айырбас уақыты мен шарттары белгісіз болып отыр.  Бұл белгісіздікті анықтайтын факторлардың ішінен сарапшылар президент сайлауының мерзімінен тыс өтуін атап өтеді.

«Егер үкімет сайлауды көктемде өткізу туралы шешім қабылдаса, еркін айырбастау курсына өтер уақытқа дейін қазіргі айырбас курсын қиындықсыз ұстап тұруға мүмкіндік береді», — деп есептейді Halyk Finance өкілдері.

Сарапшылардың пікірінше, мерзімінен тыс президент сайлауы — үкіметке әлеуметтік күрделі шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтін оңтайлы технология.  Тәжірибе көрсеткендей,  сайлаудың ресми жарияланғанына дейінгі уақыт халық арасындағы дүрбелеңді ұстап тұруда үлкен ықпал етеді.