АҚШ-тың құқық қорғау органдары Орталық барлау агенттігінің (ОБА) директоры Джон Бреннанның интернет-аккаунты бұзылғаны жайлы хабарламаны тексеруде. Бұл туралы америкалық БАҚ-на сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
New York Post газетінің ақпаратынша, ОБА басшысының аккаунтын мектеп оқушысы AOL (America online) компаниясының серверінде бұзған. Кибералаяқ Бреннанның құпия ақпаратты алу үшін толтыратын 47 беттік анкетасына кірген. Сондай-ақ, хакердің АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі Джей Джонсонның да интернет-аккаунтына кіргені айтылған. "Әлеуметтік желілерден хабардар болдыңыздар, бұл мәселе тиісті ведомстволармен талқылануға жіберілді",- деді ОБА өкілі.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





