KLM, SAS және Iberia әлемдегі ең пунктуалды компаниялар болып танылды

477
KLM, SAS және Iberia әлемдегі ең пунктуалды компаниялар болып та

KLM, SAS-Scandinavian Airlines және Iberia әуе компаниялары 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең пунктуалды компаниялар болып танылды деп хабарлайды FlightStats агенттігі.

Зерттеу авторлары кесте бойынша жасалынған немесе ең көп дегенде 15 минутке кешіккен ұшып-қонулардың пайызын анықтады. Барлығы рейтингте 31 әуе компаниясының деректеріне талдау жүргізілген.

Нидерландтық KLM ең пунктуалды компания атанды, бұл компания рестердің 88,66% кесте бойынша дәлме-дәл орындайды. Екінші орында даниялық-шведтік-норвегиялық SAS тасымалдаушысы, оның көрсеткіші 88,62%. Үздік үштікте испандық Iberia үшін де орын табылды, бұл компанияның мерзімінде жасалынған рейстерінің көрсеткіші 88,46%.

Осылармен қатар ең пунктуалды халықаралық тасымалдаушылардың қатарында Japan Airlines (87,78%), Saudia (87,76%), ANA — All Nippon Airways (86,53%), Lufthansa (86,21%), Air Berlin (85,7%), LAN Airlines (85,63%), Singapore Airlines (85,1%) бар.