Көкжайлауды қорғауға 31 мыңнан астам қол жиналды

Көкжайлау
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz – Көкжайлауды қорғауға 31 мыңнан астам қол жиналды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен VIII Азаматтық форум барысында «Көкжайлауды қорғайық» тобының белсенді қатысушысы Дмитрий Жуков мәлімдеді.

«2011 жылы Алматы әкімдігі онда курорт салынатынын мәлімдеген кезде, бұл қала тұрғындары мен Алматы тауларының әуесқойлары арасындағы наразылықты тудырды. Нәтижесінде Көкжайлауды қорғауға 3 мың-ға жуық қол жиналды. Жиналған қолдың, әлде көп сынның, қаржы дағдарысының әсері тиді ме, қандай пропорцияда екенін білмеймін, жоба тоқтатылды. Біз үшін бұл жеңіс болды. Бірақ, өкінішке орай, 2017 жылы жоба қайта жаңартылды.

Жоба қысқартылған түрде, бірақ экология үшін, тұтас шатқал үшін зиянды. Өте қысқа уақыт ішінде бізге көптеген адамдар қосылды және де олар қандай да бір Хартияға немесе мүшелік жарналарға қол қою деген жоспармен емес, бұрын болған дәлелдер мен жұмыстарды пайдалана отырып, мүлдем тәуелсіз болып, өз қалауларымен жұмыс істеді. Ондаған адам жоба бастамашыларының іс-әрекетін талдайды, тәуелсіз сарапшылардан сұхбат алады, жүздеген адам шатқалды қорғауға қол жинайды. Бүгінгі таңда Көкжайлауды қорғау үшін 31 мыңнан астам қол жиналды»,- деді Жуков.

Оның мәліметтері бойынша, бүгінде осы жобаның толық дәрменсіздігін және тіпті оның қауіптілігін дәлелдейтін сараптамалық тәуелсіз пікірлер көп жиналған.