Көкжайлаудың орнына Бутаковка ма?

106
Фото: wikiloc.com

Салтанат Тәшімова есімді әлеуметтік желі қолданушысы Facebook парақшасында Бутаковка шатқалында тау-шаңғы кешені салынғалы жатқанын хабарлады. 

Оның жазуынша инвесторлар табылып, жобаның таныстырылымы жасалған. Қала билігі коммуникациямен қамтып, коммерсанттар қалғанын жүзеге асырмақ. 

Жазба астына пікір қалдырған Іле-Алатау ұлттық саябағының қызметкері Салтанат Өсербаеваның айтуынша Бутаковка аумағында тау-шаңғы кешенінің құрылысы жоспарланбаған.

Сондай-ақ, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет те пікір білдіріп, ақпаратты жоққа шығарды.

«Бутаковка аумағында жақында ғана санитарлық кесу жұмыстары жүрді. Қазір шамамен көктемге дейін жалғасатын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көктемде шырша отырғызу үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық паркте осы жерге қайтадан ағаштар егілетін болады», деп жазды баспасөз хатшысы.

Салтанат Ташимова болса сала мамандарының пікіріне сенбейтінін айтып отыр. Алайда нақты айғақ ұсынбады.