«Kompetenz» сақтандыру компаниясы лицензиясынан айырылды

«Kompetenz»
Фото: zoon.kz

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ-на сақтандырудың ерікті нысанында жүктерді сақтандыру сыныбы бойынша берілген лицензиясын қайтарып алды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамызындағы № 174 қаулысымен 2018 жылғы 28 тамызынан бастап «Kompetenz» СК» АҚ сақтандырудың ерікті нысанында жүктерді сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясынан келесі негіздемелер бойынша айырылды:

— Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамағаны үшін;

— лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұру арқылы көрінген бұзушылықтар үшін.

Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандырудың ерікті нысанында жүктерді сақтандыру сыныбы бойынша «Kompetenz» СК» АҚ жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады.

«Kompetenz» СК» АҚ сақтандырудың ерікті нысанында жүктерді сақтандыру сыныбы бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру керек және (немесе) сақтанушылармен жасалған сақтандыру шарттарын бұзуы керек.