Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Кореялық Kookmin Bank қазақстандық ЦентрКредит банкіндегі үлесін сатуға ниетті, деп хабарлайды Koreatimes.co.kr. Банк ЦентрКредитті сатуды осы аптада өтетін директорлар кеңесінің отырысында талқыламақ.
Еске салайық, кореялық банк БЦК-ның 23% үлесін 2008 жылы сатып алған еді. 2010 жылы үлесін 42% ұлғайтқан. Оның 30% жәй, 10% артықшылығы бар акциялар.
Қазіргі кезде кореялық банкке БЦК-тың 41,9% тиеселі. Koreatimes.co.kr сайтының мәліметінше, бұл үлесті сатып алуға 939,2 млрд вон жұмсаған.
Бұған дейін БЦК басқарма төрағасы Владислав Ли кореялық банк Центркредиттің бақылау пакеті акциясын толықтай сатып алу мәселесі 2017 жылы шешілуі керек деген еді. Яғни Kookmin Bank қазақстандық банкті толықтай сатып алуға ниетті болған. Алайда аяқ астынан қайта сату туралы шешім қабылдауға не себеп екені белгісіз.
Біздің дерек көздеріміз Kookmin Bank үлесін Цесна банк иелері сатып алуы мүмкін дейді. Алайда бұл бейресми ақпарат. Біз мұны екі банктен анықтайтын боламыз.
Kookmin Bank Кореядағы ең ірі банктің бірі. Кореяның KB Financial Group қаржы тобының құрамына кіреді. Банктің штаб-пәтері Сеулде орналасқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024