Кредитті төлемегенім үшін жалақы картамдағы ақшаны алып қойғаны заңды ма?

жалақы
Фото: 7kun.kz

Менің еңбекақыға қатысты сұрағым бар. Мен декреттік демалыстан соң жұмысқа шықпақшы болғанымен «бала бір жасқа толған соң келесің» деп кері қайтарды. Жалақы алмаған соң, 2016 жылдың қаңтарынан бастап кредитімді төлей алмай қалдым. Өткен жылдың тамызынан бастап жалақы да алған жоқпын. Кейін, банкте 12 айдағы айыппұлын төлесеңіз, картаңызды ашамыз деген соң банкке қолма-қол ақша төледім. «Картада ақша сақтаулы болады, ашылған кезде еңбекақыңызды аласыз» деген еді, бірақ ол ақша жоқ. Енді не істесем болады?

Тауасар Нұрсәуле, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Нұрсәуле, төлем жасалмаған соң, банк картаңызды құлыптап, өз қарызын алуға құқылы. Бірақ, толық соманы емес, картаға түсетін ай сайынғы соманың 50 пайызын алуға ғана құқылары бар. Банкке барып, мәселені түсіндіріп арыз жазыңыз. Оның жауабы дұрыс болмаса Ұлттық банкке барып шағым қалдыруға болады. Немесе сотқа шағымданыңыз. Мына телефондар арқылы заңгер кеңесін алсаңыз болады: 8 701 887 55 81


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.