Кредит тарихындағы қателікті қалай дұрыстауға болады?

27485
Фото:kaspibank.kz

Біздің кейіпкеріміз Айсұлу — жоғарғы оқу орнын бітірген, жалақысы жоғаоы қызметте жұмыс істейтін бойжеткен. Бірақ аяқ астынан кредит ала алмайтын болды. Уақытында төленген, артық қарыз жоқ, бірақ банктер қарыз бермейді.

Егер сізге де банктер бас тартса, уайымдамаңыздар! Сіздік кредиттік тарихыңызда қателік болып, банк борышкер ретінде дұрыс бағаламаған болуы мүмкін. Ол қателіктерді түзеуге болады. Төмендегі материалды оқып, кредиттік тарихыңызға тағы бір рет көз жүгіртіп шығыңыз.

Қателіктер қайдан шығады?

Кредиттік тарих — электронды құжат, сол құжаттағы мәліметке қарап банк сізге қаншалықты сенуге болатындығын шешеді. Кредиттік тарих арқылы борышкердің қызметі туралы басқа банктер біледі. Яғни бұл құжат бірнеше банктен жиналады, сондықтан арасында қателік кетіп қалуы заңды.

Мысалы, кейіпкеріміз Айсұлу «Бірінші» банктен кредит ашып, бұл туралы кредиттік тарихта жазылады. Бірнеше уақыттан кейін қарызын қайтарып, несиесін жабады. Ал техникалық ақауларға байланысты «Бірінші» банк ол ақпаратты кредиттік тарихқа жазбай, «мерзімі өтіп жатыр» деген ақпарат енгізіледі. Банк үшін шын мәнінде Айсұлу қарыз емес, бірақ кредиттік тарихында әлі де борышкер деп жазылады. Кейінірек Айсұлу «Екінші» банктен кредит алғысы келеді. Банк кредит тарихына қарап, Айсұлудың «Бірінші» банктегі кредиті жабылмағанын көріп, теріс жауап береді.

Банк борышкерді бағалаған кезде, ол басқа банктерден келген мәліметтерді тексеру міндетті емес. Кредиттік құжат толыққанды және тексерілген ақпарат деп есептеледі. Ондағы қателіктерді борышкердің өзі қадағалап отыруы қажет.

Егер бір қате байқасаңыз, оны түзеуге болады. Сізден қажетті нәрсе — кредит бюросына арыз жазу, басқаларын бюро мен банк жасайды. Арыз жазу үшін төлқұжаттағы мәліметтеріңіз бен байланыс номерлеріңіз қажет.

Кредиттік тарихтағы қателік туралы қалай жазу керек?

Эмоциясыз. Өз қызметкерлері «сауатсыз, өз ісін дұрыс білмейтін»  болғаны үшін ғана банк қателікті жөндеп бермейді. Яғни эмоцияға жол берудің қажеті жоқ. Фактілермен жазыңыз.

Барлық ақпарат толық болсын. Қай уақытта қандай жағдай болғанын түсінікті жазыңыз. Егер сіз айтқандай барлық қарызды уақытында төлесеңіз, квинтанцияны да қоса тіркеу керек. Банк сіз үшін дәлел  жинамайды.

Не қалайтындығыңызды нақты жеткізіңіз. Банктен не керек екенін түсінікті жазыңыз. Кредитті жабу керек пе әлде құжатты реттеу қажет пе? «Банкротқа ұшырып қалыңдар» деген тәрізді фразалар жағдайды құтқармайды. 

Қателікті жөндеу үшін банкке емес бюроға жазу керек. Заң бойынша банкке тікелей өтініш жіберуге құқығыңыз бар. Бірақ мамандар бұған кеңес бермейді. Егер өтінішті бюроға жіберсеңіз, бюро қарап банкке жіберуге, ал банк жауап беруге міндетті.  Банк пен бюро бірге, бірақ заң сіздің жағыңызда. Бюроның өтініші бойынша, банк сіздің хатыңызға жауап беріп, қателікті жөндеу қажет. Егер сіз банкке жазсаңыз, ол бір ай, бір жылдан кейін жауап беруі немесе тіпті сізді ұмытып кетуі мүмкін. Ал қателікті жөндеуге бір айдан артық уақыт кетеді. Қажетті дәлелдерді жинақтап, банкке беріп және жауап күту керек. Егер ақша тез арада керек болса, босқа уақыт шығындамай, басқа қаржыландыру көзін іздей берген жөн.

Ең жиі кездесетін қателіктер: Жабылмаған кредит

Айсұлу машина сатып алмақшы болып, автокредит алуды жоспарлайды. Бір күн қалғанда осыған дейінгі қарыздарын еске түсіріп, үш кредитінің борышын жапты. Бірақ бұл көмек берген жоқ, банк бәрібір автокредит беруден бас тартты.

Мұндағы қателік, Айсұлу кредит бойынша қарызын жапқанымен, кредит карталарын жапқан жоқ. Яғни банк оларды әлі ашық деп есептеп, жаңа кредит беруден бас тартады. Қаржы мекемесінің есебінше, Айсұлудың ақшасы таусылған күні кредит картасынан ала салуы мүмкін.

Кредиттеріңіздің статусын тексеріңіз

Егер сіз несиеңізді жапсаңыз, оның «Жабылды» деген статусы болуы тиіс. Оны міндетті түрде нақтылап, тексеріп алу қажет. Егер статус «ашық» немесе «белсенді» деген болса, оны міндетті түрде жабу керек. Ол үшін есепшотты бұғаулап, банктен төмендегі құжаттарды алу керек:

  • кредиттік есеп келісімінің күшін жойғаны туралы құжат
  • кредит картасының жабылуы туралы
  • қарыздың толығымен жабылғаны туралы

Сіз келісімді бұзбайынша, кредит жабылмайды. Ипотекалық, тұтынушылық, әсіресе, кредит карталары — барлығы да жабылуы керек. Банк клиентті тек бағдарлама арқылы бағалайды. Ашық несиелеріңіз көп болған сайын, кредит ала алмай қалу қаупі де жоғары болады.

Кредит статусының тексерілгенін анықтамау

Қарызыңыздың соңғы ақшасын төлеп біткен соң, банктің барлық мәліметті бюроға жіберіп, кредит тарихыңыздағы статусты өзгерткенін бақылап отырыңыз. Несие статусы сіз төлем жасағаннан кейін 5 күннен соң өзгереді. Егер борышкер несиені жапса, банк 5 күн ішінде мәліметті бюроға жіберуге міндетті. Банк қызметкері сіздің мәліметіңізді бюроға жіберетін уақытын айтпаса, кредиттік тарихыңызды аптасына 1 рет тексеріп отырыңыз. Әдетте, көпшілік банктер ол ақпаратты айтпайды.

Кредиттің мерзімі өтіп кетуі

Айсұлу кезекті рет несие алуға тырысып көрді, бірақ банк тағы да бас тартты. Менеджердің сөзінше, оның мерзімі өткен борыштары көп. Онысы рас та, Айсұлу қарызды бір күн немесе екі күн кешіктіріп төлеген сәттері болған. Жиі орын алған соң, банк Айсұлуды сенімді клиент деп есептемейді.

  • Айсұлудың бірнеше несиесі бар, тиісінше төлем уақытын да шатастырып алды. Кейде мерзімі біткеннен кейін бір күннен соң төлейтін.
  • Кейде 31 желтоқсан, 8 наурыз және 9 мамыр күндері ақша жіберетін. Мерекеге байланысты банк төлемді уақытында қабылдап үлгермейді де, тағы да кешіккен болы шығады.
  • Үш жыл ішінде Айсұлудың бір немесе екі күннен кешіккен 30 жағдай тіркелді. Бұл банк тарапынан сенімсіздік туғызуға тағы бір себеп.

Бюроға арыз жазыңыз

Сіз кредитті жаптыңыз, бір ай өтті, ал кредит статусы өзгерген жоқ. Бұндай жағдайда бірден бюроға арыз жазыңыз. Жанына банктен алған құжаттарды да қосқан дұрыс. Банктің статусты өзгертуді ұмытып кетуі немесе кредиттің жауып үлгермеуі мүмкін. Бюро мәлімдемені алып, банкті тезірек жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

Кредиттік тарихыңыздағы кестені анықтап қарау керек

Егер барлығы уақытында төленсе, кестеде жасыл бағана болады. Егер мерзімі кешіктірілген болса қызыл, сары немесе басқа түспен боялуы мүмкін.

Есте сақтау керек ережелер:

  • Кредиттік тарихтағы ең жиі жіберетін қателіктер: жабылмаған несие мен мерзімін кешіктіру.
  • Кредит тарихыңызды өзіңіз бақылап отырыңыз, банк оны сіз үшін жасамайды.
  • Егер қателік тапсаңыз, банкке емес кредиттік бюрға жазып жіберу керек.
  • Арызыңызбен қоса кредитті төлегеніңіз туралы квитанциялар, банктің берген құжаттары — барлығын тіркеу қажет.