Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша инфляция жиынтығы 10 айда 5,4 пайызды құрады. Көрсеткіш өткен жылғы деңгейден (6,2 пайыз) төмен. Бұл жайында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев дәстүрлі баспасөз мәслихаты барысында хабарлады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкі.
«Қазақстандағы инфляциялық үдерістер біздің болжамдарымызға сәйкес қалыптасып жатыр. Қазан айында бензинге, дизельдік отынға және көмірге, сондай-ақ азық-түліктің белгілі бір түрлеріне бағаның өсуі байқалды. Нәтижесінде қазан айында жылдық инфляция 7,7 пайызға дейін жетті. 2017 жылы біз инфляцияның 6-8 пайызын мақсаттық дәлізде қалуын, ал 2018 жылы 5-7 пайызы мақсатты диапазонға кіріп кетуін күтеміз », - деді Д. Ақышев.
2017 жылдың қазан айындағы халықтық сауалнама нәтижелері бойынша бір жыл алда инфляциялық күтулердің сандық бағалауы 6,9 пайызды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024