Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлуі тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.
Министрліктің мәлімдеуінше, 108 кәсіпорындағы 4 мың жұмысшы төлемдерді күтіп отыр.
«2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің 108 кәсіпорнында 4 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешек 1,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2019 жылы жергілікті еңбек инспекцияларының көмегімен қызметкерлерге 5,42 млрд теңге төленді, осылайша 41 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды", – деді ведомствода.
Жалпы қарыздың 174 млн теңгесі - бұл қазіргі уақытқа дейін төленбеген, тоғыз кәсіпорындағы 1 мың жұмыскерге үш айға дейін кешіктірілген сома; 446 млн теңге – 1,8 мың қызметкердің алдындағы 35 кәсіпорынның үш айдан астам мерзімі өткен берешегі. Бұдан басқа, 800 млн теңге – бұл банкротқа ұшыраған 64 кәсіпорындардағы төленбеген жалақы. Өз төлемдерін 1,8 мың қызметкер күтіп отыр. Министрлік жұмыс істемейтін кәсіпорындарда төлем жасау мерзімі екі-үш жылға дейін жету мүмкіндігін атап өтті.
«Жалақы бойынша берешекті азайту үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдіктері 2020 жылдың басынан бастап дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік комиссиялардың 130-дан астам отырысын өткізді, онда еңбекақы бойынша берешегі бар 1,3 мыңнан астам жұмыс беруші тыңдалды", - деп хабарлады Еңбек министрлігінде.
Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарда жалақы бойынша жалақы берешегін өтеу шараларын конкурстық басқарушылар "Оңалту және банкроттық туралы" заң шеңберінде қабылдайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024