Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1,7 млн теңгеден астам айыппұлы бар алматылық жүргізуші ұсталды

1,7 млн теңгеден астам айыппұлы бар алматылық жүргізуші ұсталды

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz – 1,7 млн теңгеден астам айыппұлы бар алматылық жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

55 жастағы азаматтың Қырғызстанда тіркелген «Toyota Ipsum» көлігі  1 782 090 теңге айыппұлы бар болып шықты. Қазір көлік айыппұл тұрағына қойылды.

«Автоматтандырылған жүйе жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді», – деді қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан жүргізушілерді, рульге мас күйінде отырған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Похожие материалы