Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстанның 16 теміржол вокзалында жолаушылардың қол сөмкесі мен жүктері тексеріледі. Бұл өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, антитеррорлық қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰҚ-ның баспасөз қызметі.
«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең-кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексеру жабдық кешені сатып алынды», - деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Ж.Көрпебаевтың айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажет.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





