1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға қатысушылар жаңа қағидалармен жұмыс істейді
Астана. 31 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сатып алудың айқындығын ұлғайту мақсатында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді (2016 жылғы 22 желтоқсан № 683 ҚР Қаржы министрінің бұйрығы). Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісім шартының орындалуы жөніндегі құжаттары – көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың, тауарларды қабылдау актілері мен шот-фактуралары тек қана электрондық форматта толтырылатын болады.
Мемлекеттік сатып алу саласы үлкен ақшалай қаражатпен байланысты және бүкіл дүние жүзінде сыбайлас жемқорлыққа көп ұшырайтын сала, сондықтан жаңа қағидалар министрлікте енгізілетін жаңалықтар мен тапсырыс берушілердің жұмысын айтарлықтай женілдетеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындағаны үшін төлем уақытын қысқартады деп есептейді.
Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқталып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі және осы жерден мемлекеттік сатып алу қағидаларымен танысуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024