1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалармен демалуға болатын орындардың тізімін ұсынамыз. Мерекеге орай Алматы қаласында ұйымдастырылатын іс-шаралар тізімі.
Көрме "Әлем балалар көзімен ІІІ"
Қайырымдылық көрмесі
«Белый Рояль» галереясы жыл сайын Халықаралық балалар күніне орай жас таланттардың көрмесін өткізеді.
Басталуы: 1-10 маусым аралығында, сағат 11:00
Өтетін орны: Белый Рояль, Алматы қаласындағы галерея в городе Алматы
Кіру: Тегін
Алматыда маусымның 1-інде балаларды қорғау күніне орай балалар және жастар музыкалық оркестрі фестивалі өтеді.
Басталуы: 11:00
Өтетін орны: Республика алаңы (Сәтпаев көшесінің бойындағы Фурманов пен Желтоқсан көшелерінің аралығы)
Кіру: Тегін
Esentai Mall "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні"
5-11 жас аралығындағы балаларға арналған мастер-кластарға қатысу үшін алдын ала Esentai Mall бірінші қабатындағы консьержінде тіркелу керек.
16:00 – 17:00 Мастер-класс «Өз семсеріңді жаса»
17:00 – 18:00 Мастер-класс «Пират футболкаңды түрлендір»
18:00 – 19:00 Мастер-класс «Бақалшықтан әшекей жаса»
Өтетін орны: ESENTAI MALL (Есентай Молл)
Басталуы: 1 маусым, 16:00
тел.: +7 727 330 88 77.
Жас таланттар фестивалі. Көк төбе
"Көк төбе" паркінде Балаларды қорғау күніне орай жас таланттар фестивалі өтеді.
Фестивальде балалардың музыкалық концерті,
би флешмобтары,
күлкілі аниматорлар мен сиқыршылар,
байқаулар мен сыйлықтар,
J Prashkevich-тің балалар дикотекасы,
мерекелік от шашу мен үлкен торт және мерекелік шар ұшыру болады.
"Балалық шақтағы кітаптар әлемі"
С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында Алматының 1000 жылдығы мен кітапхананың 65 жылдық мерейтойының құрметіне "Балалық шақтағы кітаптар әлемі" атты шара өтеді.
Profiland балалар қалашығы
Төрт пен он төрт жасар балаларға арналған интерактивті мамандықтар қалашығында аниматор-шеберлердің көмегімен балалар өздеріне ұнаған кәсіпті ойын түрінде меңгереді. Балалар жұмысты өздері таңдайды, әрі тапқан "ақшаларын" да өздері жұмсайды. Ал ата-аналар үшін қалашыққа тек бақылаушы ретінде ғана кіре алады.
Адрес: Рықұлов көшесі, 143 В (Саин к. қиылысы) Domillion СО, 4-қабат Кіру құны: 2500 - 4000 тг балалар үшін, 1000 тг үлкендерге арналған."Жұлдыздарды тамашалау" Обсерватория
Жұлдыздарға қатысты балалардың сұрағы таусылған ба? Көбіне оған ата-аналар жауап бере алмайды. Есесіне обсерватория балалардың да,і үлкендердің де сауалдарына жауап береді. Мекен-жайы: Обсерватория көшесі 23, Астрофизикалық институт Кіру ақысы: 500 тгМемлекеттік қуыршақ театры
Мекен-жайы: Пушкин көшесі 63. Кіру ақысы: 200-500 тгПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024