Экономика
Маусымнан бастап EXPO аумағындағы пәтерлер сатылымға шығарылады
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Бәйтерек» холдингінің – «Байтерек девелопмент» АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сатылымға шығарады деп хабарлайды АҚ-тың баспасөз қызметі.
«2016 жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлікнысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы болады», – деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Усербаев.
ЭКСПО орамында көлік тұрағымен пәтерді кез-келген қалаушы өзінің қаржысына немесе”Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы алады.
Усербаев атап өткендей, ЭКСПО тұрғынжайларын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, өтініш қабылдауды Digital Baiterek онлайн-платформа арқылы жүргізу жоспарлануда. Платформа қазір тестілеу кезеңінде.
Бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3 шаршы метрден 50,7 шаршы метрді құрайды. Екі бөлмелі – 60,8 шаршы метрден 75,6 шаршы метрге дейін, үш бөлмелі– 85,3 шаршы метрден 104,9 шаршы метрге дейін, төрт бөлмелі – 108,4 шаршы метрден 123,7 шаршы метрге дейін аумақты құрайды. Жуық арада жылжымайтын нысандардың бағасы тәуелсіз консалтинг компаниясын тартумен анықталады.