Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Өзбекстанның Министрлер кабинеті 2017-2019 жылдары құс шаруашылығын дамыту мен лимон өсіру бағдарламасын қабылдауға дайындалуда, деп жазады norma.uz.
Бағдарлама аясында 1 млн 200 мың отбасы лимон мен құс өсіреді деп жоспарланған. Оларға алдағы 3 жыл бойы 10 мың түп лимон мен 85 мың бас құс жеткізілмек. Сондай-ақ жылужай мен құс өсіретін орындарды салу үшін шаруаларға екінші деңгейлі банктер арқылы 3 жылдық жеңілдік мерзімі бар несие ұсынылмақ. Яғни несие алған шаруалар 3 жыл бойы несие бойынша төлем жасамайды.
Жылужай салатындар 5 жылға, құс өсіргісі келетіндер 3 жылға ала-алады. Банктердің тәуекелін қамтамасыз ету үшін үкімет дихандарға берілген несие қайтпаған жағдайда іске қосылатын арнайы сақтандыру бағдарламасын енгізбек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024