1 наурыздан Алматыдағы жұмыссыз аналарды оқыту және кәсіби дайындау басталды
Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz - 1 наурыздан Алматыда жұмыссыз аналарды оқытып, кәсіби дайындау басталады әрі 16,7 мың теңге көлемінде стипендия беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.
Қалада жастар практикасы, субсидия бөліп жұмыспен қамту, жалақысы 63 мың теңгелік әлеуметтік жұмысқа тарту шаралары ұйымдастырылуда.
Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын көпбалалы аналар Орталығында құқықтық және психологиялық кеңестер беріледі, реабилитациялық көмек көрсетіледі, орталық 1 сәуірден бастап есігін ашады. Мұнда көпбалалы аналар еңбекпен қамтылады, мини - бала бақшалар ұйымдастырылады.
Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мегаполисте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілетін, оның ішіне көпбалалы отбасылар да кіреді, 40 мыңнан астам пәтерлер құрылысы басталатынын айтты.
Атаулы әлеуметтік көмек көлемін күн көріс көрсеткішінен 70%-ға дейін көтеру барысында Алматыда оны алатындар саны 2 699 дан 4000 адамға өсті. Мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін төлем көлемі 31,1 мыңнан 41,6 мыңға артты. Бұл шара 7 394 адамды қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматының бюджеттік саласындағы 30 мыңнан астам қызметкерлердің жалақысын 30%-ға дейін көтеру жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024