Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz - 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк тұрғындарға займ беретін заңды тұлғалардың бәрін бақылап, қадағалайды.
Енді кредит берушілер үшін займ шарты, шекті сыйақы мөлшерлемесі, кредит бюросына ақпарат беру, қарыз жүктемесі коэффицентін сақтау шарттары бірдей болады.
Сондай-ақ, кредит алушыларға қарыз жүктемесін есептеу шарттары өзгереді: табысы күнкөріс мөлшерлемесінен төмен азаматтарға кредит берілмейді, банктерге жеке капиталының жеткілікті болуы туралы талап күшейтілді.
Сонымен қатар, кредит берушілер енді тұтынушылық кредит бойынша төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда комиссия мен шартты орындамағаны үшін салынатын айып сала алмайды. Нәтижесінде тұтынушылық кредит бойынша қарыз мөлшері өспейді.
Өзгерістерге сәйкес енді банктерге, салыққа, алимент бойынша қарызы бар жеке тұлғалар 20 АЕК немесе 53 мың теңгеден асқан жағдайда ғана шетелге уақытша тиым салынады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024