Экономика
1 қыркүйекке дейін елге заңсыз әкелінген көліктер заңдастырылады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президент елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды
«Алдағы уақытта көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.
Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым қолдануды ұсынамын.
Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы керек», – деді президент.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024