1 шілдеде заңдастыру аяқталғаннан кейін шетелдік көліктер тексеріледі – Ішкі істер министрлігі

Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха заңдастыру аяқталған кейін полицейлер шетелдік көліктерге рейд жүргізетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Заңдастыру аяқтала салысымен «Заңды авто» рейдін жүргіземіз. Шетелде тіркелген көліктердің барлығының құжаттарының бар-жоғын, құжаттарға сәйкестігін тексеріп, олардың неге осы уақытқа дейін өз көліктерін тіркемегенін анықтаймыз», – деді Лепеха.
Қазақстандық жүргізушілер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көліктерді заңдастыра алады.
Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды бастайды. Заңдастыру жарнасы 200 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ шетелдік көліктер үшін кәдеге жарату алымы жойылды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025