"Газпром" 1 шілдеден бастап Украинаға газ жеткізуін тоқтатты. Бұл туралы "Газпром" басшысы Алексей Миллер хабарлады деп жазады ТАСС.
"Украина шілде айына газ жеткізуін бағасын төлеген жоқ. 1 шілде таңғы сағат 10:00-ден бастап "Газпром" Украинаға газ жіберуін тоқтатады. Алдын-ала төлемсіз газ жеткізілмейтін болады", - деп мәлімдеді Миллер.
Осыған дейін "Нафтогаз" 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап "Газпромнан" газ сатып алуды тоқтататындығын мәлімдеген. Олардың айтуынша, Венада үшжақты келіссөздер кезінде айтылған келісімдер толығымен нақтыланбайынша, көгілдір отын алуды тоқтата тұрады. Украинаның энергетика және көмір өндірісі министрі Владимир Демчишиннің мәлімдеуінше, Киев газ бағасы туралы келісімге қарашаға дейін қол жеткізуге болады деп сенеді. Демчишиннің сөзінше, Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев 1 мың шаршы метріне 247,18 доллар деген бағаға Украина келіспейді. Дегенмен "Нафтогаз" Еурокомиссияның қатысуы арқылы РФ-дан Украинаға газ жеткізу үшін ыңғайлы шарттарға қол жеткізуге болады деп есептейді. 30 маусымда Венада өткен Ресей, Украина және Еуроодақ өкілдерінің келіссөздері нәтижесіз аяқталды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024