1 шілдеден бастап жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы жарна аудара бастайды
Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер әрбір қызметкердің табысының 1 пайызын төлеуі тиіс. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ал 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз, 2022 жылдан бастап 3 пайыз жарна төленетін болады.
Жеке кәсіпкерлер 1 шілдеден бастап ең төменгі екі жалақы мөлшерінен 5 пайыз (2017 жылы ең төменгі жалақы 24 459 теңге), яғни 2 445,9 теңге төлейді.
Жалдамалы қызметкерлер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап табысының 1 пайызын, 2020 жылғы 1 қаңтардан 2 пайызын аударуы қажет. 2022 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін жұмыс беруші мен қызметкердің жиынтық жарнасы табыстың 5 пайызын құрайтын болады.
Қорға жарна аударудан халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын азаматтардың 15 санаты босатылады. Олар үшін мемлекет 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап төлейді.
Әркім қажетті медициналық және дәрі-дәрмек жәрдемін ала алады. Ол қорға аударылатын жарна мөлшеріне байланысты емес, міндетті медициналық сақтандыру пакеті барлығына бірдей болмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024