Экономика
Авто
10-12 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 10-12 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады деп хабарлайды Қазақстанның қор биржасы.
АҚШ доллары — 334,31 теңге, 1 еуро — 355,17 теңге, Ресей рублі — 5,31 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 421,70 теңге, жапон йені— 2,92 теңге, 1 қытай юаньы — 48,44 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,84 теңге, 100 өзбек сумы— 10,55 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 9 желтоқсандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 334,31 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.