Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

13 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары

13 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - Он үшінші қарашаға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды. Мұнай:  Сауд Арабиясы мұнай өндіуді азайтады деген хабардан соң, әлемдік мұнай бағасы көтеріле бастады. Бұл туралы investing.com хабарлады. Cолтүстік теңіз Brent қоспа мұнайының желтоқсан фьючерстерінің құны 23:27-де 1,33%-ға қымбаттап, баррелі 71,08 долларды құрады. WTI мұнайының фьючерстері бұл уақытта 1,25%-ға қымбаттап, баррелі 60,91 доллар болды. Металл: Алтын бағасы қатты өзгермеді. 23:01-де, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 2 долларға арзандап (0,17%), бір троялық унциясы 1204,30  долларға сатылды. Күмістің желтоқсан фьючерстері 3,50%-ға арзандап,  бір троя унциясы 14 долларға бағаланды. Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 23:16-те  bitcoin 6388,75 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,28%-ға қымбаттап,  капитализациясы 110,9 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,65%-ға қымбаттап, 211,09 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 21,7 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 212,7 млрд доллар.

Похожие материалы