Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 6-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласы аумағында полиция департаментінің барлық қызметкерлерін тарта отырып, "Түнгі қаладағы балалар" атты жалпы қалалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
2 күндік тексеріс кезінде ішкі істер органдарына 198 жасөспірім, оның ішінде 183-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 15 қараусыз қалған балалар орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін 159 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компьютерлік клубтардың 7 басшысына қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бергені үшін Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетін болады.
"Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерлерде болу фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы қызметке тартып жүрген ересек адамдарды анықтау", - деді полиция полковнигі Лейла Алипбаева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024