Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

16 қазанға арналған металл және мұнай бағамына шолу

16 қазанға арналған металл және мұнай бағамына шолу
Алматы. 16 қазан. 7kun.kz - Он алтыншы қазанға арналған мұнай және металл бағамдарының бағалары анықталды, деп хабарлайды kapital.kz Мұнай: Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады. Мұндай жағдай АҚШ Сауд Арабиясына санкция дайындауы мүкіндігінен Эр-Рияд жауап ретінде шикізат жеткізуді шектеуі мүмкін деген болжамнан шығып отыр.Бұл туралы  investing.com хабарлады. Brent мұнайының желтоқсан фьючерстерінің құны 23:08-де  0,02% қымбаттап, баррелі 80,44 долларды құрады.WTI мұнайының фьючерстері осы уақытқа дейін  0,14% қымбаттап, баррелі 71,42 доллар болды. Металл: Алтын бағасы шамамен 1%-ға қымбаттады. 23:00-де, COMEX-да Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 7,70 долларға (0,63%) қымбаттап, бір троялық унциясы 1 229,80  долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,55%-ға көтеріліп, бір троя унциясы  14,7 долларға сатылды. Криптондық валюталар: coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша 22:55-те  bitcoin 6660,09 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 5,31%-ға қымбаттап, оның капитализациясы 115,3 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 4,67%-ға қымбаттап, 209,42 долларға бағаланды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 21,4 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы 212,1 млрд долларды құрады.  

Похожие материалы