
Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимылының арқасында 160 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова айтты.
«Бүгінгі таңда сұрау салынған құжаттарды оңтайландыру есебінен АӘК тағайындау рәсімін жеңілдетуге бағытталған E-halyk ақпараттық жүйесі енгізілді. Басында кейбір қиындықтар болды. Бұл ең алдымен мемлекеттік органдарға өтініш білдірген адамдардың көп санымен байланысты. Тұрғындарды тіркеу бойынша көптеген сұрақтар болды, адамдар АӘК талап еткісі келді, бұл ретте олар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген. Көптеген сұрақтар заңдарды білмегендіктен қойылды. Бүгінде бұл мәселелер біртіндеп шешілуде. Мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде бүгінгі күні АӘК-ті 160 мыңнан астам отбасы алды. Бұл тағайындалған төлемдердің 100%-ы», - деді Гүлшара Әбдіхалықова.
Сонымен қатар, мамыр айынан бастап жалдамалы негіздегі тұрғын үй беріле бастады.
«1 мамырдан бастап 249 көп балалы отбасы пәтер алды. Жалпы, 7 мың пәтердің 1316-ін беру жоспарланған», - деді вице-премьер.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025