Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім алуға жинақталған соманың мөлшері 13 млрд теңгені құрайды

Білім алуға жинақталған соманың мөлшері 13 млрд теңгені құрайды

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазіргі кезде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МББЖЖ) 18000 салымшысы тіркелген. Білім алуға жинақталған соманың мөлшері 13 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.

Мемлекет төлеген сыйақылардың мөлшері 897 млн теңгені құрады. Қазіргі кездің өзінде 360 студент МББЖЖ қаражатына білім алып отыр.

2017 жылдың аяғына МББЖЖ-ға қатысушы бесінші банк - «Tengri Bank» АҚ-ның қосылуы күтіледі.

МББЖЖ шеңберінде нысаналы салымдар ашу бойынша 4 банкінің – «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ВТБ банк» АҚ ЕБ белсенді жұмыс істеп жатқанын ескерте кетеміз.

2013 жылдан бастап «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданыста. Ол мемлекетті әрбір салымшыға білім беру салымы сомасына жылдық 5-7 пайыз мөлшерінде, бірақ 100 АЕК артық емес мемлекеттік сыйақы төлеуге міндеттейді.

МББЖЖ әрбір адамға білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан МББЖЖ қолдау көрсетуі мемлекет үшін басымды міндет болып табылады.

Мемлекет сомасы 10 млн теңгеге дейін салымның сақталуына кепілдік береді. Сондай-ақ, депозитті үшінші тұлғалардың жазалауларынан қорғайды.

Похожие материалы