Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» стипендиаттарының тізімін жариялады.
«Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығында.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.
«Болашақ» бағдарламасын іске асырудың 25 жылында 12 898 стипендия тағайындалды, 10 096 маман дайындалды: 2858 – бакалавриат бағдарламасы бойынша, 5098 – магистратура, 136 – аспирантура, интернатура және клиникалық ординатура, 129 – докторантура, 1875 – тағылымдама. Түлектердің жалпы санының 53%-ы гуманитарлық ғылымдар бойынша, 37,8% – машина жасау, 7,4% – медициналық және 1,8% – шығармашылық мамандықтар бойынша оқуды аяқтады.
Қазіргі уақытта 1255 стипендиат білім алуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024