
Астана. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елге шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бірқатар шетелдік кәсіпорынды Қазақстанға көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 19 компания көшірілді, басқалары бойынша мәселе пысықталып жатыр», – деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджетке 14,5 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28%-ке артық.
«131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулымен жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша 18,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге 190 жоба пайдалануға беріледі», – деді премьер-министр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025