Қазақстан. 20 маусым. 7kun.kz – «Отбасы банк» «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында otbasybank.kz платформасында қабылданады. Ол үшін тұлға «Отбасы Банкінің» клиенті болу керек және аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон қажет.
Банктің хабарлауынша, азаматтар несие алғысы келсе, жергілікті атқару органдарында кезекте тұруы керек. Екі пайыздық несиені толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалалы отбасылар ала алады.
Ипотекаға үй рәсімдегісі келетін азаматтар үйдің бағасының 10 пайызын алдын-ала төлеуге міндетті. Несиені төлеу мерзімі – 18 жыл. Екі пайыздық несие бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындарына 15 миллион теңгеден бөлінсе, Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына 10 миллион теңгеден бөлінеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024