Экономика
2 қарашаға арналған металл және мұнай бағамдары
Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – Екінші қарашаға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды, деп хабарлайды kapital.kz
Мұнай: Мұнай бағасы бейсенбі күні 3%-ға төмендеп кетті. Бұл хабарды Прайм жариялады. Cолтүстік теңіз Brent қоспа мұнайының қаңтар фьючерстерінің құны 00:02-де 3,35%-ға арзандап, баррелі 72,96 долларды құрады.WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері бұл уақытта 2,48%-ға арзандап, баррелі 63,7 доллар болды.
Металл: Алтын фючерстері қымбаттай түсті. 21:18-де, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 1,55%-ға қымбаттап, бір троялық унциясы 1233,8 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,32%-ға арзандап, бір троя унциясы 14,725 долларға сатылды.
Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 01:59-да bitcoin 6 389,01 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,15%-ға қымбаттап, оның капитализациясы 110,9 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,89%-ға қымбаттап, 199,37 долларға бағаланды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 20,52 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 206,2 млрд доллар.