
Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Н.Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды parlam.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп көрсетілген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға 2 қыркүйекте Жолдау жасайды. «2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауымда Парламентке және Үкіметке есірткі қылмыстары, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны қатаңдатуға қатысты тапсырмалар беріледі», - делінген Мемлекет басшысының хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесу кезінде шілде айында да бірқатар қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы айтқан болатын. Президент сол кезде мал ұрлығы, әсіресе интернетте есірткі таратқаны үшін жазалауды қатаңдату қажеттігін атап өтті.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025