Нұр-Сұлтан. 12 мамыр. 7kun.kz – Ең көп соманы Қаржы министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі игермеген, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,8%-ға, республикалық – 99,4%-ға, жергілікті бюджеттер – 98,5%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша 5,6 триллион теңгеге шығыстар жасалды. Дефолт 31 млрд теңгені құраса, оның 8 млрд теңгесі үнемделді. 23 млрд теңге игерілмеді. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінде қалыптасты», – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, игерілмеудің негізгі себептері – келісім-шарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсынылуы, қазынашылық органдарына төлем үшін шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі.
Ведомствоның мәліметінше, жергілікті бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгені құрады, 42 млрд теңге игерілмеген.
Министр биыл өңірлерге 2,6 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер берілгенін еске салды. 1 мамырдағы жағдай бойынша, оларға 696 млрд теңге бөлініп, оның 98,3%-ы игерілді.
«12 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде 3 млрд теңге үнемделген, 9 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмегені Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында», – деді министр.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024