Мәскеу. 12 шілде. 7kun.kz – Мәскеуде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 2010 жылдан бері іздеуде жүрген «Astana Trade International» ЖШС бұрынғы басшысы Болат Алтынбеков ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.
«Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздестіруді жүзеге асырды. Халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Интерполмен бірлесіп, Алтынбековты Мәскеуде ұстады», – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, ол қазір Мәскеуде қамауда отыр.
«Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау жұмыстары басталды», – деді агенттікте.
Алтынбеков «Алтын», «Сезам», «Фортуна», «Каминный», «Эдем-Палас», «Олимп-Палас» тұрғын үй кешендерінің салған «Астана Трейд Интернэшнл» ЖШС-ні басқарғаны белгілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024