Экономика
2012 жылдан бері 2,5 млн қазақстандық тегін дәрі-дәрмекмен қамтамасыз етілді - Елжан Біртанов
Алматы. 24 қараша. 7kun.kz -Мемлекет басшысы Нұрлсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдап, министрлік алдына қойылған талаптардың орындалуы туралы есебін тыңдады деп хабарлайды Primeminister.kz
"Азаматтарымызды өздерінің денсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет. Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғанының бәрі тек өзіне байланысты болады",-деді Назарбаев.
Президент халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүруінің орташа ұзақтығын 80 жасқа дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды.
Денсаулық сақтау министрі президентінтке тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.
"Барлық көрсеткіш бойынша ахуал тұрақты. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы көтерілуде. Ана өлімінің көрсеткіші төмендеп келеді. Бала өлімінің көрсеткіші де қатарынан бірнеше жыл бойы төмендеуде. Қазақстанда 2012 жылдан бастап тегін дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның тиімділігі өте жоғары. Бағдарлама аясында 2,5 миллионға жуық адам аурудың 50 түрі бойынша, соның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті және онкологиялық аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр",-деді Біртанов.
Бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы медицинадағы қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға медициналық сақтандыру жүйесі көмектесетінін айтқан еді.