2015-2017 жылдарға арналған Қазақстанның республикалық бюджеті тек 9,2%-ға оңтайландырылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо хабарлады.
"2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте тек 9,2% оңтайландырылды. Ондағы әлеуметтік блоктың еншісі 36-дан 40% дейін. Дегенмен, бюджетте "Балапан", "Жұмысбастылық" және тағы сол секілді маңызды бекітуші бағдарламалар қалды. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің артуымен әлеуметтік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу мәселелері жоғарылау үрдісіне ие", - деді депутат.
Бұған қоса, халық қалаулысы бюджетте 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақылардың мөлшерін жыл сайын 7%-ға арттырып отыруды ескеретін шығындар қарастырылғандығын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024