«2015 жылы біз тұтынушыларымыздың көңілінен шығып, ұжымдық сегментті дамытуға күш саламыз. Сонымен бірге, желінің сапасын арттыру үшін инвестиция тартып, бизнесіміздің ұзақ мерзімді тұрақтылығын сақтауымыз керек», - дейді компанияның атқарушы директоры Арти Отс.
Қазақстан нарығындағы ірі ұялы байланыс операторы Kcell-дің 2015 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың осы мезгіліндегі көрсеткішпен салыстырғанда таза түсімі 15,4 пайызға азайып, көлемі 13,234 миллиард теңгені құрады.
Ақшалай түсім көлемі 2,3 пайызға түсіп, 43, 085 миллиард теңге болды (өткен жылы 44, 107 млрд теңге болатын). Компанияның EBITDA көрсеткіші есептік кезеңде 7,2 пайызға төмендеп, 23,817 млрд теңгеге дейін азайды. EBITDA бойынша, тиімділік көрсеткіші өткен жылы 58,2% болса, ағымдағы жылы 55,3% болып отыр. Бір жолғы шығын есебінсіз операциялық табыс 17,701 млрд теңгені құрап, 10,8%-ға азайды. Компанияның хабарлауынша, қаржыландыруға кететін таза шығын көлемі 586 млн теңгеге азайып отыр. Еркін ақша ағыны өткен жылмен салыстырғанда 3,189 млрд теңгеге азайған. Бірінші тоқсанда абоненттік база 363 мың абонентке азайып, қазіргі таңда 10,829 млн қолданушыны қамтиды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024